Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Brent мұнайының бағасы апта қорытындысы бойынша $94-тан асты

АСТАНА.KAZINFORM - Әлемдік нарықта мұнай бағасы Таяу Шығыстан жеткізілімге қатысты қауіптің сақталуына байланысты 21 тамыздағы сауда-саттықты өсіммен аяқтады. Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне $94-тан асты, деп хабарлайды Reuters.

Әлемде мұнай бағасы тағы қымбаттады — ParsToday
Фото: ParsToday

Brent фьючерстері сауда қорытындысында барреліне $94,39 болды.

АҚШ-тың WTI маркалы мұнайы $87,06 деңгейінде жабылды.

Апта қорытындысы бойынша Brent 6,39 пайызға, ал WTI 5,66 пайызға қымбаттады.

Екі марканың да бағасы 24 шілдеден бергі ең жоғары деңгейге жетті.

Мұнай бағасының өсуіне Ираннан жеткізілім көлемінің қысқаруы мүмкін деген қауіптің күшеюі әсер етті.

АҚШ Президенті Дональд Трамп Тегеранмен саудасын жалғастыратын елдерге санкция салынуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Мұнай нарығына Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасының шектелуі де қысым жасап отыр.

Сонымен қатар АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері және Венесуэла сияқты елдерден балама жеткізілімдердің артуы мұнай бағасының одан әрі өсуін ішінара тежеп отыр.

Бұған дейін Brent бағасының екінші апта қатарынан өсіп жатқаны хабарланған болатын. Бейсенбіден жұмаға қараған түні оның бағасы барреліне $94-қа жақындады.