Brent мұнайының баррелі 40 долларға өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамыр айының сатып алу бойынша фьючерстерінде Brent маркалы мұнайдың баррелі 40 доллардан асты.

Brent мұнайының баррелі 40 долларға өсті

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, қазір осы маркалы мұнайдың бағасы барреліне 40 доллардан сәл түскен. Соңғы рет осындай жоғары баға былтыр желтоқсан айының аяғында тіркеліпті.

WTI маркалы мұнайдың бағасы да өсіп келеді. Оны 37 доллардан сатып алуда.

Блумберг агенттігінің мәлімдеуінше, мұнай бағасының өсуі АҚШ-та мұнай ұңғымаларының саны азайғаны жөніндегі мәліметтер жарияланған соң болып отыр.