Brexit туралы жаңалықтарға байланысты Ресей рублі құлдырады

Жұма күні, 24 маусымда, Мәскеу биржасындағы сауда-саттық индекстердің төмендеуімен және рубльдің түсуімен басталды. Мәскеу уақытымен 10:01-де ММВБ (Мәскеу банкаралық валюта биржасы) индексі 1856,3 пунктке дейін 3,28% төмендеді, РТС - 909,88 пунктке дейін 3,32% құлады. Сол мезетте АҚШ доллары 1,6% қымбаттап, 65,9 рубльге бағаланды. Еуро 72,7 рубльге дейін 0,96% арзандады.
Құлдыраудың көшін бастап тұрған - Сбербанк (-5,8%), Роснефть (-4,6%) және Русал (-4,4%) акциялары бар.
Ұлыбританиядағы референдум нәтижесі туралы жаңалықтар көрінісінде Ресей активтері құнын жоғалтуда. BBC мәліметтері бойынша, референдумда 51,9% дауыс жинаған Brexit жақтаушылары жеңіске жетті. Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы үшін 17,4 млн. адам дауыс берген.
Өз кезегінде, Brexit қарсыластары 48,1% дауыс жинаған (16,14 млн. адам). Англия мен Уэльсте еуроскептиктер үстем түссе, Шотландия мен Солтүстік Ирландияда Еуроодақтан шығуды қолдамайтындар көбірек. Референдумның ресми қорытындысы айдан анық секілді. Оның үстіне, референдум басталмай тұрып, Дэвид Кэмерон Brexit жақтаушылары жеңген жағдайда, тез арада Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы туралы келіссөздер жүргізуді бастаймын деген болатын.