14:28, 26 Шілде 2015 | GMT +5
БРИКС банкі алғашқы несиесін қытай валютасымен беретін болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - БРИКС (Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай, ОАР) елдерінің Жаңа даму банкі (ЖДБ) өзінің алғашқы несиесін қытайдың ұлттық валютасы - юаньмен береді. Бұл туралы журналистерге аталған қаржы институтының президенті Кундапур Ваман Каматх айтты, деп жазады ТАСС.
«Банктің алғашқы кредиті 2016 жылғы сәуірде юаньмен берілетін болып мақұлданды», - деп үндістандық Outlook журналының сайтында оның сөзі келтірілген. ЖДБ құру туралы келісімге 2014 жылғы шілдеде Бразилияда өткен БРИКС саммитінде қол қойылған. Ол БРИКС мемлекеттерінде және дамушы елдерде инфрақұрылымдық жобалар мен тұрақты даму жобаларын қаржыландыруға бағытталады. ЖДБ рұқсат етілген капиталының көлемі - 100 млрд доллар, оның штаб-пәтері Шанхайда орналасқан.