Британдық азамат осыдан 45 жыл бұрын алған кітабын кітапханаға қайтарды

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Британдық бір азамат кітапханадан алған кітабын ... 45 жылға кешіктіріп қайтарды,

Британдық азамат осыдан 45 жыл бұрын алған  кітабын  кітапханаға қайтарды

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Әлгі азамат ол кітапты пошта арқылы қайтарған. Келіп түскен пакетті ашқан кітапхана қызметкері оның ішінен британдық жазушы Найджел Нилдің «Куртермасса эксперименті» атты кітабын тапқан. Бұл кітапты оқырманның сонау 1965 жылдың қыркүйек айында алғаны да анықталып отыр.

Кітапхана ережесі бойынша, кітапты кешіктіріп тапсырған оқырмандар кешіктірілген әр күн үшін 15 пенстен айыппұл төлеуге міндетті. Осылайша, қазіргі валюта бағамымен есептесек, әлгі азамат кітапханаға 2,5 мыңдай фунт төлеуі мүмкін еді. Бірақ, оның бақытына орай, кітапханада 6 фунтты ғана құрайтын айыппұл лимиті белгіленген.