Британдық бүлдіршін велосипедші Гаити үшін 50 мың фунт жинады
АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Жасы жетіге енді толған жас британдық Чарли Симпсон Гаитидегі зілзала салдарынан зардап шеккендерге көмек ретінде 50 мыңнан астам фунт жинады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.руға сілтеме жасап.
Апат өңірінен берілген хабарды көріп балақай қаражат жинау мақсатында Лондон бақтары бойынша велосипедпен қайырымдылық сапарын жасауды ұйғарады.
Бастапқыда ол 500 фунт жинауды жоспарлайды, бірақ баққа келушілер оған күткенінен бірнеше есе көп соманы қайырымдылқ шарасына береді. Бұл қаражаттар қазір БҰҰ Балалар қорына (ЮНИСЕФ) жіберілді.