19:32, 10 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Британдық ғалымдар 9500 жыл бұрынғы ер адамның бет әлпетін қалпына келтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық мұражай мен жаратылыстану мұражайы 9500 жыл бұрын өмір сүрген Иерихондық ер адамның түрін қалпына келтірді. Оның бас сүйегі 1953 жылы табылған. Алайда оның түрін қалпына келтіру енді ғана мүмкін болды, деп жазды «Моя планета».

Ғалымдар бет әлпетін гипс көмегімен келтіріп, 3D үлгісін пайдаланған, деп хабарлады Seeker порталы.
Иерихоннан ер адамның кім екені белгісіз болып қала береді, алайда зерттеушілер оның жоғары сословие өкілі болғанын жоққа шығармайды. Бір қоғамның басшысы болған болуы мүмкін.
Оның бас сүйегін 1953 жылы британдық археолог Кэтлин Кэньон Иерихонда қазба жұмыстары кезінде тапқан. Жәдігер күллі әлем бойынша мұражайларға табыс етілді, бас сүйегі Британ мұражайында сақталды.