23:32, 10 Шілде 2016 | GMT +5
Британдық велошабандоз «Тур де Франс» жанкүйеріне қол жұмсады (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Велошабандоз Крис Фрум (Chris Froome) «Тур де Франс» жарысы кезінде өзіне тым жақын келген Колумбия туын ұстаған жанкүйердің басынан ұрды. Спортшыға осы әрекеті үшін 200 швейцар франкі көлемінде айыппұл салынды (69 116 теңге -ҰБ бағамы бойынша).
Фрум баспасөз мәслихатында «колумбиялық жанкүйерлермен араздығы» жоқтығын мәлімдеді. Ол ту алып жүгірген жанкүйердің әрекеті қауіпті деп түсіндірді. «Жанкүйерлерге айтарым спортшыларға жақын келмеңіздер. Бұл бізге ғана емес артта келе жатқан велошабандоздар үшін де қауіпті», деді ол.
Фрум туиттерде ту велосипед дөңгелегіне оратылып қала жаздады деп жазды.
Еске сала кетсек, «Тур де Франс» жарысы 2 шілдеде басталды, ол 24 шілдеде Парижде мәресіне жетеді.