02:57, 16 Шілде 2017 | GMT +5
Британдық зейнеткер көзінен 27 линзаны алуды ұмытып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Офтальмолог британдық зейнеткердің көзінен шешуге ұмытып кеткен 27 линзаны алып тастады, деп хабарлайды РИА Новости.

Қарт әйел дәрігерге көзіндегі катарактты алып тастау үшін келген.
Алайда офтальмолог оның көзінен 27 линзаны тапқан. Бір қызығы британдық ол туралы мүлдем ұмытып кеткен екен.
Басылымның хабарлауына қарағанда, 67 жастағы қарт әйел 35 жыл ішінде күн сайын түрлі линзалар таққан.