Британдықтар өз бақшасынан арсалаңдаған итбалықтың төлін тапты

АСТАНА. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат - Кент графтығында тұратын британдықтардың отбасы өз бақшасынан итбалықтың  бір жасар төлін тапты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат The Daily Telegraph сайтына сілтеме жасап.

Ол жақын маңнан ағып өтетін өзендерден шағын бұлақтар арқылы баққа жүзіп келген болуы мүмкін деп жорамалдануда.

Итбалықты  алғаш болып үй иесінің қызы байқайды. Кішкентай итбалық  ширақтық және белсенділік танытты - ол ауладағы әуіздегі суға батып, сыртқа қап-қара тұмсығы мен жылтыр көздерін ғана қалдырып, бақылап тұрды. Үй иелерінің полицияға және Королдік жануарларды қорғау қоғамына телефондаудан басқа амалдары қалмады.

Ветеринарлер келем дегенше  итбалықты  үй иесінің иті күзетіп тұрды. Мамандар оны жабайы жануарларға арналған питомникке алып кетті.

Оны алғаш байқаған қыз бала   итбалыққа  Санта-Клаус бұғыларының бірінің құрметіне орай Рудольф деген ат береді. Алайда питомниктегілер оны саяхатқа құштарлығы үшін Гулливер деп атайды.

Соңғы жаңалықтар