Британия билігі Еуроодақтан дәл қашан шығатынын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбритания үкіметі елдің Еуропа одағынан шығуының дәл уақытын заңмен бекітеді, деп хабарлайды ТАСС.
None
None

Біріккен Корольдік Еуроодақтан 2019 жылғы 29 наурыз күні Лондон уақытымен 23:00-де немесе орталық Еуропа уақытымен 00:00-де шығуы тиіс. Британияның одақтан шығу уақыты бұрын да белгілі болатын. Лондон Еуроодақтан Brexit процесі басталғаннан кейін тура екі жылдан соң шығуды жоспарлаған.

Енді үкімет заңнамаға дәл уақытты көрсетіп түзету енгізді. «Біз жұртшылық өкілдері мен парламент мүшелерін тыңдадық, бұл түзету құжаттамаларды жүргізу кезінде шатасуға жол бермеу мақсатында енгізіліп отыр», - дейді Brexit мәселелері жөніндегі министр Дэвид Дэвис.

Ұлыбританияның Еуроодаққа мүшелігі мәселесі шешілген референдум өткен жылдың 23 маусымында болды. Brexit-ті қолдаушылар 51,9% дауыс жинап жеңіске жеткен. Ағымдағы жылдың 29 наурызында Біріккен Корольдіктің премьер-министр Тереза Мэй Брюссельге елдің одақтан шығуы бойынша екі жылдық процедуралардың басталғаны туралы ресми мәлімдеді. Ол 2019 жылдың наурызында аяқталуы тиіс.

Соңғы жаңалықтар