23:50, 17 Наурыз 2014 | GMT +5
Британияда бес отбасының дәулеті елдің 20 пайыз халқының әл-ауқатынан асып түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиядағы ең бай бес отбасының жиынтық дәулеті елдегі 20 пайыз кедей халықтың әл-ауқатынан жоғары. Бұл жайында «Oxfam» қайырымдылық қорының мәліметінде хабарланды, деп жазады ВВС.
Ұйым деректеріне қарағанда, 47 млрд. долларға бағаланып отырған ең бай отбасылардың қазына мүлкі 12,6 млн. британдықтың тұтас қаржысынан асып отыр.
«Oxfam» өкілдерінің мәлімдемесінде Британия жікке бөлініп жатқан ұлтқа айналып отырғандығы айтылған. Олар ел үкіметін жылдық бюджетті талқылау кезінде салықтан жалтару проблемаларына емес, дәулет пен сән-салтанатқа салықты көтеру мәселесіне назар аударуға шақырды. Осы орайда, ұйымдағылар элитаның табыстары қарқынды түрде артып келе жатқандығын, ал осы кезде миллиондаған отбасылар нәпақасын әзер тауып отырғандығын атап өтті.