Ұлыбританияда қайтыс болған донордың жатыры салынған әйел босанды

АСТАНА. KAZINFORM – Ұлыбританияда қайтыс болған донордан жатыры трансплантацияланғаннан кейін алғашқы сәби дүниеге келді. Хьюго есімді ер балаға 10 апта болды. Ол Лондонның батысында 2025 жылдың Рождество мерекесі қарсаңында дүниеге келді, деп хабарлайды ВВС.

В Британии родился первый ребенок после пересадки матки от умершего донора
Фото: ВВС

Сәбидің ата-анасы бұны «ғажайып сәт» деп бағалап, донордың отбасына ерекше ризашылық білдірді.

Олардың айтуынша, бір отбасының асқан жанашырлығы мен батыл шешімі өздеріне ата-ана болу бақытын сыйлаған.

Отаға Лондон және Оксфорд қалаларының білікті хирургтері қатысқан. Олар жүктілік барысын мұқият бақылап, босандыру процесін сәтті өткізген.

Мамандар бұл оқиғаны «серпінді сәт» деп бағалап отыр. Себебі бұл тәжірибе ауыр диагноз салдарынан ана болу мүмкіндігінен айырылған әйелдерге үміт сыйлайды.

Айта кетейік, Британияда жатыр трансплантациясынан кейін бала туу жағдайы бұрын да тіркелген. 2025 жылдың басында Эми есімді қыз тірі донордан жасалған трансплантациядан кейін дүниеге келген алғашқы британдық атанған еді.

Донорлық — технология ғана емес, сенім. Қоғам өкілдерінің бір-біріне деген жауапкершілігі. Бүгінде Қазақстанда 4,5 мыңнан астам адам донорлық органдар кезегінде тұр.

Осыған дейін мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум