09:30, 25 Мамыр 2010 | GMT +5
Британияда оқушылар автобусы жол-көлік оқиғасына ұшырады, құрбан болғандар бар
АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда жол-көлік оқиғасының салдарынан 3 адам мерт болып, 39 адам жарақат алды,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Оқиға Англияның солтүстігіндегі Кесуик қаласының маңында орын алды. Оқушыларды үйлеріне таситын мектеп автобусы Honda Civic көлігімен соқтығысып қалған. Апат салдарынан екі жасөспірім мен көлік жүргізушісі көз жұмды, 39 адам зардап шекті. Олардың төртеуі қазір ауыр жағдайда ауруханада жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, апатқа автобус жүргізушісі кінәлі, себебі ол жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.