Британияда референдум: «Брекситтің» жақтастары көш бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның Еуроодақтан шығуына байланысты өткізілген референдумда 25 млн-нан астам адамның дауысы есептелді, деп хабарлады ВВС агенттігі.
None
None

«Брексит», яғни, Британияның ЕО-дан шығуын қолдаушылар миллион дауыспен алға шықты. Көптеген сарапшылар дауыс беру нәтижесіне күмән келтірген жоқ.
ЕО-дан Британияның шығуына қазіргі сәтте 14,6 млн астам адам дауыс берді. ЕО-дан шығуға қарсы дауыс бергендер саны - 13,6 млн. адам. Өз таңдауын жасауға қатысқандар саны - жалпы дауыс берушілердің 70 пайызы.
Шотландия, Солтүстік Ирландия және Лондондағы сайлаушылар «брекситке» қарсы дауыс берді.

Соңғы жаңалықтар