Британияда түнгі клуб күзетшісі 100-ден астам көне артефакт тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Уэльстегі түнгі клуб күзетшісі Энтони Томас 100-ден астам көне артефакт тапты. Мүмкін бұл жер ежелгі қаланың орны да болуы ықтимал.
None
None

The Mirror хабарлағандай, табылған заттардың жасы 2 мың жылдан асады. Олардың арасында б.з.д. 78 жылдың күміс монетасы, балшықтан жасалған керек-жарақтардың қалдығы, плиткалар, танамоншақ, ағаштан және қорғасыннан жасалған бұйымдар бар.

Томас Оңтүстік Уэльс алаңдарында төртбұрышты ерекше заттарды тапқан соң, іздеу жұмыстарын жалғастырған. Күзетші және әуесқой археолог қазу кезінде шамамен 1 метр тереңдікте қабырға қалдығын тапқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар