Британиялық бағбан алып қияр мен баялды өсіріп, әлемдік рекорд орнатты

ЛОНДОН. KAZINFORM - Британияда алып жемістер мен көкөністер өсірудің чемпионы ретінде танылған Кевин Фортей рекордтарын жаңартып, тағы екі әлемдік деңгейдегі жетістікке жетті, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Британиялық бағбан
Фото: whatsthejam.com

Уэльстегі Кумбран қаласының 46 жастағы тұрғыны жақында дүниежүзі бойынша ең биік 6,5 метрлік қияр өсімдігін өсіріп, халықты таң қалдырды. Сонымен қатар ол ұзындығы 40 сантиметр болатын әлемдегі ең ұзын баялдыны өсіріп, рекорд орнатты.

Кевин Фортейдің алып көкөніс өсіруге деген құштарлығы әкесі Майк Фортейден дарыған. Бұрын ол томатилло, қауын және күнбағыс сияқты әйдік өсімдіктерімен танылған болатын. Сондай-ақ ақсақал 1980 жылдары Алып көкөністер чемпионатының негізін қалаған кісі. Бұл шара қазір ғаламдық деңгейдегі оқиғаға айналып отыр.

Кевин Фортейдің жетістіктері бағбандардың жаңа буынын көкөністер әлемін зерттеуге шабыттандыруда.

Соңғы жаңалықтар