21:50, 05 Ақпан 2026 | GMT +5
Бірінші лиганың үздік бомбардирі «Тараз» намысын қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM — Жасұлан Молдақараев «Тараз» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.
Жасұлан Молдақараев биылғы маусымда «Тараз» намысын қорғайды. Шабуыл шебінде өнер көрсететін футболшы 2024 жылы бірінші лиганың үздік сұрмергені (25 матчта 19 гол) атанған Қызылорда футболының түлегі әр жылдары «Оқжетпес», «Тобыл», «Ордабасы» клубтарында ойнады.
Былтыр «Ұлытау» сапында 21 кездесуге қатысқан ойыншы ұлттық құрамада бірнеше матч өткізген.
2013 жылы Бірінші лига чемпионы әрі бомбардир (28 гол) болды.
Жалпы Қазақстан премьер лигасында 300-ден аса ресми матчта алаңға шықты.
Бұдан бұрын Азиз Анарметов «Тараз» жастар командасының бас бапкері атанғанын жазған едік.