Бронислав Коморовский Польша Президенті болды

АСТАНА. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат - Польшадағы Президент сайлауында Сейм спикері, мемлекет басшысының міндетін атқарушы Бронислав Коморовский жеңіске жетті. Республиканың Мемлекеттік сайлау комиссиясы осындай ресми қорытындыны жария етті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.
None
None

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, 100 пайыз бюллетеннің 53,01%-і Коморовскийді қолдаған. Оның қарсыласы «Заң және әділет» партиясының жетекшісі Ярослав Качиньский сайлаушының 46,99 пайыз дауысын жинады. Сайлауға халықтың 55,31 пайызы қатысты.

Президент міндетін атқарушының жеңісі, енді Коморовский міндетіне бүгін кіріседі деген сөз емес. Конституцияға сәйкес, жеңімпаз Сейм маршалы, яғни бұл жолы өзі шақырған Ұлттық жиналыс алдында ант беруі тиіс. Әдетте бұл шара өзінің алдындағы президенттің өкілеттігі біткен күні орындалады. Сарапшылардың пікіріне қарағанда, бұрынғы президент Леха Качиньскийдің опат болуына байланысты бұл шара жылдам өтуі тиіс.

Мемлекеттік сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын ресми жария еткен соң, қорытынды 30 күн ішінде Жоғарғы сотта бекітілуі тиіс. Осы кезеңде сайлау заңдылықтарының бұзылғаны байқалатын болса, онда сот осы оқиғаның ақ-қарасын тексеруді қолға алады. Сарапшылардың сөзіне қарағанда, сайлау алдындағы тыныштықты бұзғаны, басқа да заң тәртіптерінің бұзылуына жол бергені үшін сайлау учаскелері мерзімінен бұрын жабылады.

Сайлау өтті деп жарияланған соң, Жоғарғы сот жедел түрде парламентке тиісті қарар жібереді. Сейм спикері немесе оның орынбасарларының бірі 7 күн ішінде Ұлттық Жиналысты шақырудың мерзімін бекітуі тиіс. Осылай болғанның өзінде, Коморовский тамыз айының алғашқы он күндігі ішінде өз міндетіне толық кірісе алады.

Соңғы жаңалықтар