Брюссельде бүгін Еуроодақ тарихындағы тұңғыш президент сайланады
АСТАНА. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат - Брюссельде бүгін Еуроодақ елдері президенттерінің бейресми саммиті өтіп, онда одақ тарихындағы тұңғыш президент сайланады,
деп хабарлайды РБК агенттігі.
Бұл саммите еуропалық мемлекеттер блогының басшысымен қоса, Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі жоғарғы өкілін (Еуроодақтың вице-президентін), сондай-ақ Еуропа Кеңесінің бас хатшысын сайлау жоспарлануда.
Еуроодаққа мүше барлық елдер Лиссабон шартына қол қойып, бекіткеннен кейін, Еуроодақтың жаңа басшысын сайлау мүмкін болып отыр. Лиссабон құжатына ең соңғы болып Чехия қол қойды. Шарт желтоқсанның 1-нен бастап күшіне енеді. Аты-жөні бүгін белгілі болатын Еуроодақтың жаңа президенті де сол күннен бастап қызметіне кіріседі.