Брюссельде Еуроодақ тарапынан әлемдегі адам құқықтарын қорғау мен оны дамыту мәселелері төңірегінде талқылау болды

БРЮССЕЛЬ. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Брюссельде Адам құқықтары жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) «ЕО адам құқықтары жөніндегі келісімі және Лиссабон шарты: жағдайы мен болашағы» жыл сайынғы форумы өз жұмысын бастады. Оның жұмысына дүниежүзінің ҮЕҰ-нің 150 өкілі, сонымен қатар еуропалық құрылымдар мен Еуроодақ мүше мемлекеттерінің өкілдері қатысты.
None
None

Аталмыш форумның мақсаты - Еуроодақтың адам құқықтарын қалай қорғап отырғаны жөнінде өз пікірлерін азаматтық қоғам өкілдерінің білдіруіне мүмкіндік жасау.

Форум нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстар жасалып, олар кейін Адам құқықтары жөніндегі ЕО Кеңесінің жұмыс тобына ұсынылады.

Соңғы жаңалықтар