10:26, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
Брюссельде лаңкестік әрекетке қатысы бар 10 күдікті ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Брюссельде экстремистік бағыттағы қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 10 адам қамауға алынды. Тергеу материалдары бойынша олар «Ирак пен Левант лаңкестік тобына» жаңа экстремистерді тарту ісімен айналысқан, деп хабарлайды 24.kz.

Арнайы операция кезінде олардан ұялы телефондар мен электронды ақпараттық материалдар тәркіленді. Қазір күдіктілердің ісімен жергілікті тергеушілер айналысып жатыр. Тіпті олардың кейбірі Сирияға кетуге дайындалып жүрген. Бельгиялық барлау қызметінің мәліметі бойынша, қазір араб елінде 200-ден астам азамат лаңкестер жағында соғысып жүр.