Брюссельде «Титаник оның жолаушыларының көзімен» көрмесі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 31 мамыр мен 30 қыркүйек арасында Брюссельдегі әдеттен тыс көрмеге келушілер қайғылы апатқа ұшыраған кеменің жиһаздарымен танысады. Экспозицияға 5500-ге жуық заттар қойылады, олар апатқа ұшыраған кемеден алынған. Жәдігерліктер арасында ыдыс-аяқтармен қатар жақсы сақталған иіссу құтылары да бар, деп хабарлады Euromag.ru.

Брюссельде «Титаник оның жолаушыларының көзімен» көрмесі ашылады

Әрбір келуші өзін «Титаник» жолаушыларындай сезінеді. Кассада оларға атаулы билеттер беріледі. Көрме басшылығының айтуынша, бұл көрме ойын-сауық орны емес, қаза болғандарды еске түсіруге арналған шара. Бұдан бұрын «Титаниктен» алынған скрипка бәссаудада 1,6 млн. долларға, ал «Титаник» жолаушысының хаты 200 мың долларға сатылғаны хабарланған болатын.