Брюссельдегі «Бірлік маршына» 15 мыңнан астам адам қатысты (ФОТО)

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Брюссель орталығында лаңкестік әрекет құрбандарын еске алуға арналған «Бірлік маршы» өтіп жатыр.

Брюссельдегі «Бірлік маршына» 15 мыңнан астам адам қатысты (ФОТО)

Бельгия астанасындағы шеруге 15 мыңнан астам адам қатысты. Олар «Мен- Шарли» (Je Suis Charlie) деген сөз жазылған плакаттарды көтеріп шықты.

Шеруге қатысқан халық негізінен үнсіз жүріп отырды. Тек оқтын-оқтында «Марсельеза» әні шырқалды.

«Бұл акция - француз журналистеріне деген құрметтің белгісі. Біз ешқашан баспасөз бостандығынан және әркімнің өз көзқарасын білдіруінен бас тартпаймыз»,- деді шеруге қатысушы «Бостандық » (Libirtes) плакатын көтерген Даниэль есімді азамат.

Брюссельдегі бұл акция Париждегі шерумен бір уақытта басталды. Лаңкестік әрекеттерден қаза тапқандарды еске алуға арналған м ұндай шаралар Еуропаның көптеген ірі қалаларында өтті.