Брюссель халқы үнемдеу саясатына қарсы наразылық акциясын өткізді

БРЮССЕЛЬ. 22 ақпан. ҚазАқпарат - Брюссельде қатаң үнемдеу саясатына қарсы наразылық акциясы өтті, оған 40 мыңға жуық адам қатысты.
None
None

Бельгия кәсіподақтарының мәлімдеуінше, наразылық шарасы жалақылар мен зейнетақыларды индекстеуді тоқтату туралы бельгиялық биліктің шешіміне қарсы бағытталған, бұл инфляция жағдайында сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкеп соғады.

21 ақпан күні шерушілер колоннасы Брюссельдің Солтүстік вокзалынан Оңтүстік вокзалына дейін жүріп өтті. Наразылықтың кәсіподақтық акциясына байланысты, Брюссельдің бірқатар кварталдарында қозғалыс шектелді.

Жағдай сондай-ақ наразылық акциясына Бельгия астанасының қоғамдық көліктері жұмыскерлерінің қатысқанымен шиеленісе түсті. Бұл қоғамдық көліктердің айтарлықтай үзілістермен жұмыс істеуіне, және қалалық көшелерде көптеген кептелістердің пайда болуына әкеліп соқтырды.

Соңғы жаңалықтар