17:29, 02 Сәуір 2024 | GMT +5
Брюссельде туристер мінген автобус ағашқа соғылды
АСТАНА. KAZINFORM – Бельгия астанасында туристік автобус жол апатына түсті.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оқиға Брюссельдегі Ван Праэт көпірінің жанында болған. 33 турист мінген автобус ағашқа соғылды.
22 адам жергілікті ауруханаларға жеткізілді, оның үшеуі ауыр жарақат алды.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ.