Бішкекте электр қуатының неден сөнгені белгілі болды

АСТАНА. KAZIMFORM – «Қырғызстанның ұлттық электр желісі» компаниясы Бішкек пен Чу облысының кейбір аудандарында электр жарығының жаппай сөнуіне не себеп болғанын мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

отключение света
Фото: pixabay.com

- Қысқы маусымға дайындық аясындағы жөндеу жұмыстары кезінде электр беру желісінің жекелеген бөліктерінде өткізу мүмкіндігі шектеулі болып, электр қуатын жеткізу уақытша үзілді,-делінген ҚҰЭЖ хабарламасында.

Алдын ала мәліметтер бойынша, штаттан тыс жағдай «Кара-Балта»-Главная» ВЛ-220 желісінің өшірілуінен болды. Энергетиктер электр қуатын беру жұмыстарын қалпына келтіру, болған оқиғаның себеп-салдарын анықтау, жарықтың қайта сөнуінің алдын алу бойынша қажетті шараларды жедел қолға алды.

Қазіргі таңда энергетика жүйесі штаттық жағдайда жұмыс істеп тұр. Тәулік бойына мониторинг жүргізіліп, тұтынушыларды тұрақты әрі сенімді түрде электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында барлық қажетті шаралар қолға алынды.

Айта кетейік, 18 маусым күні Қырғызстан астанасының бірнеше ауданында жарық өшіп қалды. Тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, әлеуметтік нысандар, халыққа қызмет көрсету орталықтары жарықсыз қалды.

Біраз уақыттан кейін Бішкектің кейбір аудандарында электр қуаты беріле бастады.

 

Соңғы жаңалықтар