Бішкекте митинг өткізуге қойылған шектеу мерзімі ұзартылды
Бішкекте митинг өткізуге қойылған шектеу 31 наурызға дейін ұзартылды, деп мәлім етті Первомайский аудандық әкімшілігінің баспасөз қызметі.
Kazinform бұл туралы Қырғызстанның Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Первомайский аудандық сотының дерегінше, шектеу енгізілген орындар қатарында Ала-Тоо ауданы, Эркиндик бульвары – Линейная көшесінен Чуй даңғылына дейін, Президент әкімшілігі мен Жогорку Кенеш ғимараты алды, сондай-ақ Панфилов атындағы саябақ пен Таттыбубу Турсунбаева атындағы саябақ, Жоғарғы сот ғимараты мен Қырғызстандағы Ресей елшілігі ауласы, ҰҚМК және ІІМ ғимараты алды бар.
Бұл орындарда мемлекеттік органдардың ресми іс-шараларын өткізуге ғана рұқсат етіледі.
Митингілерді Максим Горький атындағы саябақта – Исанова және Рыскулова көшелерінің қиылысында ұйымдастыруға болады.
Ескерту және жаппай тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында, сондай-ақ ҚР «Бейбіт жиындар туралы» Заңын негізге ала отырып және Первомайский аудандық ІІБ арызына сәйкес муниципалдық әкімшілік аудандық сотқа митинг өткізу орындарына қатысты шектеуді уақытша ұзарта тұру туралы өтініш жолдады.
Превомайский аудандық соты әкімдік шешімін заңды деп тапты.