Бішкекте Шоқан Уәлиханов туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғызстан астанасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапарына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында «Шоқан Уәлиханов: Тарихтың жарық жұлдызы» атты деректі фильмнің премьерасы өтті.

Документальный фильм о Шокане Уалиханове презентовали в Бишкеке
Фото: Гүлмира Абдрахманова/Kazinform

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғыз Республикасы Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов, Қырғызстан Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрінің орынбасары Марат Тағаев, «Манас» ұлттық академиясының президенті Азиз Бимырза уулу, сондай-ақ ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері мен жастар қатысты.

Фильмді «Манас» ұлттық академиясы қырғызстандық Barsbek Global Production киностудиясымен бірлесіп түсірген. Ол ұлы ойшыл әрі ағартушы Шоқан Уәлихановқа арналған.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева іс-шараға қатысты пікір білдірді.

- Осындай жобалар арқылы жас ұрпақ тарихи тұлғалар мен олардың еңбектері жайлы көбірек біледі. Бұл еңбектер екі бауырлас халықтың жақындасуына ықпал етті. Әрине, мұның барлығы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға оң әсер етеді. Шоқан Уәлихановтың тарихты, этнографияны, мәдениетті зерттеудегі және ең бастысы қырғыздың «Манас» эпосын насихаттаудағы рөлі мен үлесін атап өту маңызды. Оның еңбектері бауырлас мемлекеттердің бірлігін күшейтуге қызмет етті. Біз Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достықтың мәңгі әрі мызғымас екенін білеміз. Қырғыз халқына өсіп-өркендеу, табыс, қарқынды даму, бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін, - деді министр.

Документальный фильм о Шокане Уалиханове презентовали в Бишкеке
Фото: Гүлмира Абдрахманова/Kazinform

Қырғызстанның Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов Шоқан Уәлихановтың қырғыз халқы тарихындағы маңызды рөлін атап өтті.

- Шоқан Уәлиханов - Қазақстанның көрнекті ағартушыларының бірі. Ол қырғыз мәдениетінің дамуына, соның ішінде шығармашылық саласына өлшеусіз үлес қосты. Ең алғашқылардың бірі болып «Манас» эпосын жазып алып, оны ғылыми ортаға таныстырды. Қырғыз кино мамандары түсірген бұл фильмде ғалым еңбектерінде сипатталған қырғыз халқының өмірі, тұрмысы мен дәстүрлері көрініс тапқан. Бұл оның халқымыз тарихындағы ерекше орнын тағы да айқындайды. Фильм өте ұнады. Мемлекеттеріміздің достығы шынайы. Біз бәріміз білеміз және сенімдіміз, бұл қатынас мәңгі. Мұның айқын дәлелі - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары аясында өтіп отырған іс-шаралар, - деді қырғыз мемлекеттік хатшысы.

Документальный фильм о Шокане Уалиханове презентовали в Бишкеке
Фото: Гүлмира Абдрахманова/Kazinform

Фильмнің продюсері Нуриза Чынтемирова туындыны жасау идеясымен бөлісті.

- Идея көптен бері ойда жүрген. Сценарийді әзірлеу өткен жылы басталды, ал биыл ол әс жүзінде жүзеге асты. Түсірілім мен картинаны монтаждауға шамамен 1,5 ай уақыт кетті. Жобаға үлкен қолдау көрсеткен «Манас» ұлттық академиясы болды. Олар архивтік деректерді жинауға және материалдарды фильмде қолдануға көмектесті. Шоқан Уәлиханов - «Манас» эпосын араб әріптерімен қағазға қолмен жазып алған алғашқы зерттеушілер мен манасшылардың бірі. Фильмде ғалымның Ыстықкөлге жасаған экспедициясының маңызды сәттерін ашып көрсетуге тырыстық, - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды.

 

Соңғы жаңалықтар