Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер діни көшбасшыларының кездесуі өтті

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстан астанасындағы «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің мұсылмандар діни басқармалары басшылары кеңесінің VI отырысы өтті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің діни көшбасшыларының кездесуі өтті
Фото: Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы

Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Кавказ мұсылмандары діни басқармасының төрағасы шейхулислам Аллахшукюр Пашазаде, Түркия Дін істері жөніндегі басқарма төрағасы Әли Эрбаш, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы шейх Нуриддин Холикназар, Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Абдулазиз Хаджи Закиров, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, сондай-ақ басқа да дін қайраткерлері қатысты.

Ұйымға мүше мемлекеттердің бас мүфтилері діни саладағы ынтымақтастықты жандандыру жолдарын талқылап, өзара тәжірибе алмасып, өзекті мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын қарастырды.

Отырыс қорытындысы бойынша ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің діни басқарма басшыларының 6-шы отырысының «Исламдағы үмбет бірлігі» қаулысы қабылданып, Пәтуа кеңесі қабылдаған бірқатар пәтуа ресми түрде бекітілді.

Сондай-ақ отырыс барысында мүфтилер алқасы климаттың өзгеруімен күресу, қоршаған ортаны қорғау және суды үнемдеу мәселелері бойынша үндеу жасады. Бұл қадам исламдық жауапкершілік тұрғысынан қоршаған ортаны қорғау ісіне үлес қосуға бағытталғаны атап өтілді. 

Айта кетелік Қырғызстан парламенті дәрігерге күш көрсеткендер үшін жауапкершілік енгізуді мақұлдады

Соңғы жаңалықтар