Бішкектегі Азия чемпионатында әйелдер күресінен екі қазақстандық жартылай финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM – Күрес түрлерінен Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионаты жалғасып жатыр. 

Бішкектегі Азия чемпионатында әйелдер күресінен екі қазақстандық жартылай финалға шықты
Фото: ҰОК

8 сәуірде әйелдер күресінен жарыстар басталып, екі қазақстандық спортшы жартылай финалға шықты. 

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Марал Тәңірбергенова ширек финалда Тайпей спортшысы И Хуэй Линді 9:2 есебімен жеңді. Ол жартылай финалда жапониялық Юи Сусакимен кездеседі.

76 келіге дейінгі салмақта Гүлмарал Еркебаева үндістандық Каджал Каджалды 5:3 есебімен жеңіп, жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энх-Амартпен күреседі.

Сонымен қатар 55 келіге дейінгі салмақта Шұғыла Өмірбек үндістандық Хансика Ламбаға есе жіберді. 59 келіге дейінгі салмақта Виктория Хусаинова үндістандық Неха Нехаға, ал 68 келіге дейінгі салмақта Елена Шалыгина жапониялық Мива Морикавадан жеңілді.

Осыған дейін қазақстандық балуанның Азия чемпионатының финалына шыққанын хабарлағанбыз.