Бішкектегі Азия чемпионатында әйелдер күресінен Тыныс Дүбек жартылай финалға шықты
АҚТАУ. KAZINFORM – Бішкек қаласындағы Азия чемпионаты аясында әйелдер күресі жарыстары жалғасып жатыр.
62 келіге дейінгі салмақта Қазақстан құрамасының өкілі Тыныс Дүбек жартылай финалға шықты. Ширек финалда ол Тайбэй өкілі Хсин Пайды 9:2 есебімен жеңді.
Жартылай финалдық кездесулер 9 сәуір күні өтеді.
Өкінішке қарай, Жәмилә Бақбергенова ширек финалда үндістандық Харшита Харшитаға есе жіберді.
Еске сала кетейік, грек-рим күресі шеберлері Азия чемпионатын 1 алтын, 3 қоламен аяқтағанын жазғанбыз.