Бішкектегі ШЫҰ саммиті Африка елдерімен диалогты кеңейтеді

АСТАНА. KAZINFORM –Африка мемлекеттерінің өкілдері Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммитіне қатысады. Бұл туралы Afreepress хабарлайды.

Саммит ШОС в Бишкеке расширяет диалог с Африкой
Фото: Евразия ритмі

Бішкектегі саммит ШЫҰ-ның Африка мемлекеттерімен және Африка одағымен ынтымақтастығын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік береді.

Шақырылған қонақтардың қатарында Того Министрлер кеңесінің төрағасы Фор Эссозимна Гнассингбе бар.

Саммит ШОС в Бишкеке расширяет диалог с Африкой
Фото: Afreepress

Тогоның саммитке қатысуының маңызы зор.

Того мен Мысыр осы кездесуге шақырылған Африка мемлекеттерінің қатарында.

Бұл Африка елдеріне жаһандық басқару жүйесін дамыту және көпжақты ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.

Саммит аясында терроризммен, зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен және киберқылмыспен күрес мәселелері талқыланады.

Сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту, мемлекеттер арасындағы байланыстарды күшейту және қаржылық ынтымақтастықтың жаңа тетіктерін қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Фор Эссозимна Гнассингбе жаһандық Оңтүстік елдері үшін өзекті мәселелерді де көтереді деп күтіледі.

Олардың қатарында Африка құрлығындағы қауіпсіздік мәселелері мен гуманитарлық сын-қатерлер бар.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-отырысына және «ШЫҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды.