«БТА Банк», «Еуразиялық Банк», «АТФ Банк», және «Каспий Банкі» өкілдері 9 пайыздық несиелік сыйақыны 11 пайызбен беріп келген

АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «БТА Банк», «Еуразиялық Банк», «АТФ Банк», және «Каспий Банкі» акционерлік қоғамдарының өкілдері әлеуметтік жағдайы төмен тұлғаларға берілетін несиелік сыйақыны ешқандай негізсіз 11 пайыздық ставкамен берген.

 «БТА Банк», «Еуразиялық Банк», «АТФ Банк», және «Каспий Банкі» өкілдері 9 пайыздық несиелік сыйақыны 11 пайызбен беріп келген

Прокуратура қызметкерлері азаматтарға осындай 8 факті бойынша пайыздық көрсеткіштерді 11-ден 9 пайызға дейін қысқартып, 100 мың теңгеден асатын сыйақыны алып берді. Бұл туралы бүгін Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков журналистермен болған апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Бірқатар банктер «Жетісу»  әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы, «Қазақстандық ипотекалық компания», «Қазақстан темір жолы» акионерлік қоғамдарына заңсыз түрде төмендетілген сыйақы берген. Ал «Қазақстанның халық банкі», мен «Каспий Банкі» акционерлік қоғамдары ипотекалық займдарды қаржыландыруға бөлінген қаржыны тұтынушы несиелері мен  кезек күттірмейтін несиелерді жабуға негізсіз пайдаланған. «Осындай 11 факті бойынша заңсыз пайдаланылған 30,4  миллион теңге  тиісті талап бойынша несие алушыларды қаржыландыруға жұмсалды», деді ресми өкіл.