БТА банк жыл соңына қарай несие қоржынының сапасын барлық позицияда жақсартады - Басқарма төрағасы
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Несие қоржыны банк активінің негізгі бөлігін құрайды. Оның сапасын жақсарту бизнес жоспарда қарастырылған. Бизнес моделдің негізінде қайта құрылымдау жасалды. Жыл соңында несие қоржынының сапасы барлық позицияда жақсаруы тиіс деп жоспарлануда. Бұл корпоративтік бизнес, шағын және орта бизнес пен құрамына ипотека кіретін бөлшек қоржын. Банк көрсеткішіне еншілес ұйымдарды қосып отырған жоқпыз. БТА ипотека қоржыны жеке тақырып болады ", дейді БТА банктің Басқарма төрағасы Әнуар Сәйденов. Оның айтуынша, мүлік саласында жұмыс істейтін заемшыға берілген несие мен ауыл шаруашылығы, сауда саласындағы компаниялардағы несиеден ерекшеленеді. Негізгі қарыз сомасында ешқандай қоржында есептен шығарулар қарастырылып отырған жоқ. Тек мөлшерлемені төмендету, айыппұлдың өсімін ауыстыру, төлем тәртібін өзгерту сияқты құралдар қабылданады. Кредит комитеті әр бизнес бойынша қоржынды қайта құрылымдап, сапасын жақсартады.