«БТА Банкі» АҚ акционерлері капиталды арттыру жөнінде шешім қабылдады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / – «БТА Банкі»АҚ-ның капиталы артатын болды.Бұл туралы шешім бүгін банк акционерлерінің жалпы жиналысында қабылданды,

«БТА Банкі» АҚ акционерлері   капиталды арттыру жөнінде шешім қабылдады
деп хабарлайды ҚазАқпарат «БТА Банкі»АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Банк капиталын жарияланған 3 088 082 дана жай акцияларды және 1 587 854 артықшылықты акцияларды шығарып, орналастыру арқылы ұлғайтпақ. Бұнымен БТА-ның жарияланған акцияларының жалпы саны 13 146 561 акцияны құрайды, оның ішінде жай акциялар - 11 458 707 дана, артықшылықты акциялар ? 1 687 854 дана болады. Бұл шешім БТА Тобының Қазақстандағы және сырт елдердегі қаржы нарықтарындағы өз ұстанымдарын әрі қарай дамыту мақсатында қабылданған. Сондай-ақ бұл шешім 2008 жылдың желтоқсан айында ҚР Үкіметі, ҚР Ұлттық Банкі, ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ және «БТА Банкі» АҚ арасында жасалған меморандумға сәйкес қабылданған.