БТА Банкі акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Қайта құрылымдау жоспары мақұлданды

АЛМАТЫ. 4 желтоқсан. ҚазАқпарат - «БТА Банкі» АҚ өз акционерлерінің 3 желтоқсан күні банкті қайта құрылымдау мақсатымен өткізілген кезектен тыс жалпы жиналысының табысты нәтижелері туралы хабарлайды, деп ақпараттандырды банктің баспасөз қызметінен.
None
None

Жиналысқа жалпы алғанда банктің орналастырылған барлық акцияларының 86,7 пайызына ие акционерлер қатысты, бұл ретте Қайта құрылымдау туралы жоспарды мақұлдау шешімін олардың 99,4 пайызы қабылдады. Соның ішінде банктің Ғаламдық депозитарийлік қолхаттарының иелері Қайта құрылымдау жоспарын 89,5 пайызбен мақұлдады.

Мақұлдау процесінің келесі кезеңі ағымдағы жылдың 5 желтоқсаны күні таңертең өтетін несиегерлердің жиналысы болып табылады.

Одан кейін банк халықаралық инвесторлармен және баспасөзбен телефон арқылы екі онлайн-конференция өткізеді. Бірінші телефон конференциясы 2012 жылдың 5 желтоқсанында Гонконг уақыты бойынша сағат 17:00-де, Алматы уақыты бойынша сағат 15:00-де, Лондон уақыты бойынша сағат 9:00-де өткізіледі. Екіншісі сол күні Алматы уақыты бойынша сағат 20:00-де, Лондон уақыты бойынша сағат 14:00-де және Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 9:00-де өткізіледі.

Алматы уақыты бойынша сағат 15:00-де өтетін телефон конференциясына қатысуға ниет білдірген тұлғалар https://event.webcasts.com/starthere.jsp?ei=1011298   мекенжайы бойынша, ал  Алматы уақыты бойынша сағат 20:00-де өтетін телефон конференциясына қатысуға ниет білдіргендер https://event.webcasts.com/starthere.jsp?ei=1011301   мекенжайы бойынша тіркелуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар