Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

БТА банкі АҚШ сотына қайта құрылымдау жоспарын тану туралы шағым түсірді

АЛМАТЫ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - БТА банкі АҚШ-тың Нью-Йоркте орналасқан Оңтүстік аймақтық сотына банктің қайта құрылымдау жоспарын АҚШ аумағында жарамды деп тану туралы шағым түсірді,

БТА банкі АҚШ сотына қайта құрылымдау жоспарын тану туралы шағым түсірді

деп хабарлайды ҚазАқпарат БТА банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АҚШ сотына өтініш банктің басқарма төрағасы Әнуар Сәйденовтың атынан жіберілген. Бұған дейін банк атынан осындай өтініш Ұлыбритания мен Уэльстің жоғарғы сотына жіберіліп, мақұлданған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, БТА банкінің қайта құрылымдау жоспары былтырғы жылы басталған болатын. Атап айтқанда, 2009 жылғы қазанның 16-сы күні Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты банктің қайта құрылымдау туралы жоспарын мақұлдаған болатын. Ал желтоқсанның 7-сі күні Лондонда кредиторлар комитетімен қайта құрылымдау туралы жоспарға қол қойылған еді.