13:57, 10 Наурыз 2009 | GMT +5
БТА банкінде директорлар кеңесінің жаңа құрамы бекітілді
АЛМАТЫ. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы / - «БТА банкі» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында 9 адамнан тұратын Директорлар кеңесінің құрамын бекіту жөнінде шешім қабылданды,
деп хабарлдайды ҚазАқпарат банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Оған Арман Дунаев, Әнуар Сәйденов, Абай Ескендіров, Қайрат Әйтекенов, Айдан Кәрібжанов, Ерлан Тәтішев кірді. Константин Корищенко, Юрки Талвитие мен Ульф Вокурко тәуелсіз директорлар болып отыр. Сондай-ақ Директорлар кеңесінің бұрынғы мүшелерінен Ақмарал Әблязованың, Татьяна Парамонованың, Талғат Ахсамбиев пен Еркін Тәтішевтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Сонымен қатар, акционердің қаңтардың 30-ындағы жалпы жиналысында қабылданған жарғылық капиталды арттыру туралы шешімнің күші жойылды. Онда банктің 3 миллион 88 мың 82 дана жай және 1 миллион 587 мың 854 артықшылықты акцияларының санын арттыру жөнінде көрсетілген болатын.