БТА банкінің бұрынғы басшысы М.Әбіләзов пен оның сыбайластары бөтеннің мүлкін пайдаланып кетті деген күдік келтірілуде ? Бас прокуратура

АСТАНА. Наурыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Бас прокуратура «БТА Банк» акционерлік қоғамы басшылығының арызы бойынша наурыздың 2-сінде банктің директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы М.Әбіләзовтың, басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жарымбетовтың және олардың сыбайластарының үстінен қылмыстық іс қозғады.
None
None
Бұл туралы бүгінгі брифингте Бас прокурордың орынбасары Рахымбек Мамырбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Р.Мамырбаевтың түсіндіруінше, күдіктілердің заңсыз жолмен табылған ақша қаражаттарын М.Әбіләзовтың басшылығы кезінде жалған фирмаларға бір ғана жер телімінің кепілдемесімен несиелер беру арқылы кәдеге асыру фактілері қылмыстық істі қозғауға негіз болып отыр. «Бас прокуратура бұларды заңсыз әрекеттер деп бағалап, оларға қатысы бар тұлғалардың барлығы сыбайластар болған деп пайымдап отыр. Осыған байланысты аталған тұлғалардың бұл істерге қатысы тергеу барысында анықталады», дейді Р.Мамырбаев.Құқық қорғау органдары аталған күдіктілердің әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің 176-шы бабы 3-тармағында көрсетілген қылмыстардың белгілері бойынша тексеріп жатыр, деді прокуратура өкілі өз мәлімдемесінде.
Соңғы жаңалықтар