БТА және Альянс банктеріне 2 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінеді

АСТАНА. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат (Руслан Ғаббасов) – Бүгін БТА және Альянс банктеріне 2 млрд. АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінеді.
None
None
Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жалпы капиталдандыру бағдарламасына сәйкес Ұлттық қордан 4 млрд. АҚШ доллары бөлінгенін еске салып өткен Қ. Келімбетов өткен аптада «Қазкоммерцбанкке» 1 млрд. АҚШ доллары салынғанын, сондай-ақ тағы 1 млрд. Халық банкіне бөлінгенін айтты. «Үкімет пен Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің шешіміне сәйкес БТА-ның акционері боламыз. Осыған сәйкес біз бүгін 1 млрд. 750 млн. АҚШ долларын бұл банкке саламыз. Ал 200 млн. АҚШ долларын «Альянс банкке» депозитке саламыз», деді ол.
Соңғы жаңалықтар