Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бұдан былай Ертіс орманы аумағына кіру ақылы болады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Алдағы күзден бастап табиғи резерват аумағында екі жаңа бақылау-өткізу бекеті жұмысын бастайды. Осыған байланысты табиғи аумаққа кіру ақылы түрде жүзеге асырылады.

«Ертіс орманы»
Фото: «Ертіс орманы» резерваты

«Ертіс орманы» резерватының әкімшілігінен хабарлағандай, № 1 бақылау-өткізу бекеті Садықащы ауылы бағытындағы жол мен «Ғабдул Уахит Хазірет» туристік бағытына орнатылса, № 2бекет Жаңауыл ауылындағы Бауыртал орманшылығы аумағында бой жұмыс істемекші.

— Резерватқа келушілерден кіру ақысын алу ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 38-бабына және жеке тұлғалардың Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бару қағидаларына сәйкес келеді. Тұрғындар мен туристерге қолайлы болуы үшін төлемді QR-код арқылы онлайн жасау мүмкіндігі қарастырылған. Төдем түбіртегін бақылау-өткізу пунктінде көрсету міндетті, — деп мәлімдеді резерваттан.

Резерват аумағында орналасқан елді мекендердің жергілікті тұрғындары тиісті құжатын (тіркеуін) көрсеткен жағдайда кіру ақысынан толық босатылады.

Еске сала кетейік, Ертіс орманында сирек кездесетін түйесіңір өсімдігі табылды.