08:52, 30 Маусым 2016 | GMT +5
Буэнос-Айресте Мессиге ескерткіш орнатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентина астанасында «Барселона» шабуылшысы Лионель Мессидің ескерткішін орнатты, деп жазады Лента.ру.

Оның ашылу салтанатына Мессиден ұлттық құрамада қалуды сұраған Буэнос-Айрес мэрі қатысты.
Еске сала кетейік, Аргентина құрамасының лидері халықаралық карьерасының тәмамдалғанын айтқан болатын. Бұл мәлімдеме АҚШ-та өткен Америка кубогының финалында аргентиналықтар Чили командасынан ұтылғаннан кейін жасалды. Месси пенальтиден гол соға алмаған.