Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бұған дейінгі жастар мәслихаты аула клубтарын құру жөніндегі бағдарламаны орындай алмады ?«Нұр Отан» ХДП Астана филиалы төрағасының орынбасары

АСТАНА. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бұған дейінгі жастар мәслихаты аула клубтарын құру жөніндегі бағдарламаны орындай алмады. Бүгін Еуразия ұлттық университетінде Астана қаласының Жастар мәслихатына жаңадан сайланған депутаттарға куәлік тапсырған «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясы Астана қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Павел Казанцев

Бұған дейінгі жастар мәслихаты аула клубтарын құру жөніндегі бағдарламаны орындай алмады ?«Нұр Отан» ХДП Астана филиалы төрағасының орынбасары
осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Өкінішке қарай, бұған дейінгі Жастар мәслихаты Астана қаласы бойынша аула клубтарын құру бағдарламасы аясындағы тапсырмаларды орындай алмады. Аула клубтары бүгінде орта, арнайы және жоғары білім деңгейіндегі жастарға аса қажетті құрылымдар. Сондықтан, биылғы сайлауда жеңген жас депутаттар осы мәселені басты назарда ұстап, аула клубтарын құрудың нақты тұжырымдамасын әзірлеп береді деп сенеміз. Бұған қажетті қаржы және басқа да ресурстар бар», - деді П.Казанцев.Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жастар мәслихатының биылғы сайлау науқанына 314 кандидат қатысты. Олардың 130-ы мәслихат депутаттығына өтті.