Бүгін Адамзат үшін ғарыш дәуірі басталған күн

АСТАНА. 4 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Адамзат үшін ғарыш дәуірі басталған күн. Осы атаулы күнге байланысты Дүниежүзілік ғарыш апталығы басталды.
None
None

Ғарыш дәуірі басталған күнді 1967  жылғы қыркүйекте Халықаралық астронавтика федерациясы жариялады. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999 жылғы 6 желтоқсанда адам әл-ауқатын жақсартуға ғарыш ғылымы мен техникасы қосатын қомақты үлесті атап көрсету мақсатында, 4 қазан мен 10 қазан аралығындағы аптаны Дүниежүзілік ғарыш апталығы (World Space Week) деп жариялады.

Адамзат үшін ғарышты игеру дәуірінің басталған күні - Қазақстан үшін айрықша мереке. 1957 жылы 4 қазанда нақ Қазақстан топырағынан ғаламшар тарихында тұңғыш рет Жердің жасанды серігі ғарышқа аттанды және Жердің тұңғыш ғарышкері Юрий Гагарин осы жерден ғарышқа көтерілді. Нақ осы Байқоңыр КСРО, одан кейін ресейлік және шетелдік ғарыш кемелері кеңістікке аттанып отырған басты ғарыш айлағы болды.

Қазақ жұрты ғарыш кеңістігін бағындырған алғашқы қазақ Тоқтар Әубәкіровпен және бір ұшу мерзімінде ашық космоста бір тәуліктен артық болып, Гиннесс рекордтар кітабына енген Талғат Мұсабаевпен мақтана алады.

Соңғы жаңалықтар