Бүгін АҚШ-та - Ұлттық бостандық күні, ал Иранда - Ислам революциясының күні атап өтіледі
АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат - Бүгін - АҚШ-та Ұлттық бостандық күні. 1865 жылы АҚШ президенті А.Линкольн АҚШ Конституциясына «Құлдықты жою туралы» 13-ші түзету енгізу жөнінде Конгресс қарарына қол қойды.
Құлдықты жою идеясының жақтастары жеңіске жетті. Бұл Азаматтық соғыс (1861-1865) арқылы қол жеткізілген ұлы жеңіс болатын. Қарар 1865 жылдың 18-ші желтоқсанында күшіне енді.
Бүгін, сондай-ақ Иранда ислам революциясының күні. Бұл мереке 1979 жылы ақпанның 1-інде көп жылдар бойы айдауда болған Рухолла Мусави Хомейни имамның елге оралуымен байланысты. Дәстүрлі мерекелі шараның өз атауы «Фаджр» - «Таң сәрі» деген мағынаны білдіреді.