Бүгін Ақтауда «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумын өткізді

sp;АҚТАУ. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат /Анаргүл Төлегенова/ - Бүгін Ақтауда «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумын өткізді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Жең ұшынан жалғасқан парақорлықтың түп тамырына балта шабу керек. Бұл туралы бүгін нұротандықтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумында айтылды. «Жемқорлық мемлекеттің дамуына тежеу болатын індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, тұрақты өсіп-өркендеу болмайды».   Осыдан бір жыл бұрынғы «Нұр Отан» ХДП форумында Президент Н. Назарбаев осылай деген болатын.

Бүгін Ақтауда өткен партияның облыстық форумында осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстар қорытындысы айтылып, оның алдын алу бағытындағы шаралар талқыланды. "Нұр Отан» - сыбайлас жемқорлықпен күресте маңызды рөл алып отыр. ХДП жанынан құрылған Бақылау комитеті жұмыс жасайды.

«Бір жыл ішінде тындырылған шаруа қомақты. Бірақ, парақорлықтың жолын кесу науқандық жұмыс емес. «Бармақ басты, көз қыстылық» тұрақты  күресті талап етеді.Ел болашағына кесірін тигізетін індетті аластауды алдымен өзіміз қатарымыздан бастау керек», деді облыс басшысы Қырымбек Көшербаев.

Облыс әкімінің мәлімдеуінше, Маңғыстау облысы бойынша 2008 жылы сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық әрекеті үшін  30 адам жұмысымен қоштасты. Енді олардың ешбірі мемлекеттік қызмет атқара алмайды. Мұндай адамдар өзгелерге сабақ болу үшін қоғамнан аласталуы керек.

 Дегенмен, жемқорлыққа қатысты қылмыс саны биыл едәуір азайған.

Бұл құқық қорғаушылар мен нұротандықтардың қоян- қолтық жұмысының нәтижесі.

 «Нұр Отан» ХДП Бақылау комитетінің төрағасы Боран Рақымбековтің айтуынша,статистика бойынша былтырмен салыстырғанда облыста жемқорлық қылмысын жасағандар 25 пайызға азайған. Былтыр - 56, биыл - 42 іс қозғалып отыр.

Форумды қорытындылай келе облыс жұртшылығына жолданатын үндеу қабылданды. Парақорлық пәтер немесе жер телімін алу кезегі айналасында белең алып отыр.  Ашықтықты қамтамасыз ету үшін облыстық газеттерге осы тізімді жариялау тапсырылды.

 Форум соңында жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған көркемсурет конкурсының жеңімпаздары марапатталды.

Соңғы жаңалықтар