Бүгін Алматыдан көрсетілгендердің бәрі ақырғы өнім беретін жобалар - Әсет Исекешев

  АЛМАТЫ. 1 наурыз. ҚазАқпарат  -  Қазіргі заманғы өндірісті бизнес өзі жасауы керек. Оны Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бүгін Алматыда индустрияландыру картасындағы жобалармен танысу кезінде айтты. 
None
None

«Бүгін Алматыдан көрсетілгендердің бәрі ақырғы өнім өнім беретінжобалар.Өкінішке орай барлық аймақта ахуал мұндай емес. Біз индустрияландыру картасын белсендіру ұстанымның өзгеруін көрсетеді деп үміттенеміз», - деді Ә. Исекешев. Оның айтуынша, көптеген кәсіпорындар мемлекеттік тапсырыс беруді сұрайды. Мұндай  кеңестер мен талқылаулар 2-3 жылдан кейін  аяқталатынын жеткізген министр мемлекет техникалық-экономикалық негіздеме жасауға, патенттеуге, технология алуға ғана қаражат  беретінін айтты. Енді жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың әрқайсысының мәселесі бойынша министрлік зерттеу жүргізбек. Бүгін сондай-ақ, мұндай талқылау енді жеңіл өнеркәсіп қауымдастығында жалғаспақ. Онда  аталмыш саланың да мәселелері жеке талқыланатын болады.  

Соңғы жаңалықтар