Бүгін Астанада Павлодар облысының күндері ашылады

ВЛОДАР. 25 қазан. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін, 25 қазан күні Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Павлодар облысының күндері ашылады.

Бүгін Астанада Павлодар облысының күндері ашылады

Павлодарлықтар екі күн бойы елордада ел егемендігінің 20 жылы ішінде қол жеткізген жетістіктерін паш етеді.

Астананың орталық алаңында таңғы сағат 10.00-де ашылатын «Кереку-Баянауыл жәрмеңкесінде» аграрлық шаруашылықтар өз өнімдерін сатады, бес киіз үйде халық әртістері, музыканттар мен әртістер елорда тұрғындарын өз өнерлерімен таныстырады.

Екі күн ішінде аймақтағы 152 шаруашылық өздерінің 27 түрлі ең жақсы өнімдерін Астанадағы саудадан 15-20 пайызға төмен бағамен сататын болады.

Президенттік мәдениет орталығында 17.30-да фотодокументалды және көркем сурет көрмелері ашылады.

Ал сағат 18.00-де ҚР Президентттік мәдениет орталығының концерт залында Павлодар облысының тумасы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі Шахмардан Әбіловтың шығармашылық кеші өтеді.