05:00, 14 Мамыр 2023 | GMT +5
Бүгін Атырауда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Атырауда ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«2023 жылғы 14 мамырда Қазақстан бойынша Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі»,-делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.